Тойота Мотор Қазақстан «Армандаған көлік» шығармашылық байқауын өткізеді.

2024 жылдың 15 желтоқсаны мен 2025 жылдың 20 ақпаны Toyota Kazakhstan «Армандағы көлік Toyota» шығармашылық сайысын өткізеді, онда Қазақстан және Қырғызстан балалары болашақтың көлігі туралы өз көзқарастарымен бөлісе алады және өздерінің арманындағы көліктің суретін сала алады. Барлық ұлы жаңалықтар ұяң идеядан туады. Toyota компаниясы осы сайыс ұлы өнертапқыштардың, ойшылдардың және арманшылдардың жаңа буынының шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектеседі деп үміттенеді.

Сайыс екі кезеңнен тұрады: ұлттық және әлемдік. Ұлттық сайыс та екі кезеңнен тұрады:

1)Жұмыстар 2024 жылдың 15 желтоқсаны мен 2025 жылдың 20 ақпаны .

2)Жұмыстарды бағалау және жергілікті кезеңнің қорытындысын жариялау (Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы) 2025 жылғы наурызда өтеді.

  • Нәтижелері сайыстың ресми toyotakz.com сайтында жарияланады.

Сайыс жеңімпаздары Toyota Kazakhstan атынан бағалы сыйлықтарға ие болады, ал жеңімпаздардың суреттері сайыстың әлемдік кезеңіне шығып, Жапонияға жіберіледі. Әлемдік сайыстың қорытындысы 2023 жылдың жаз-күзінде жарияланады.

2004 жылдан бері  «Армандағы көлік Toyota» шығармашылық сайысы компанияның қоғамды дамытуға бағытталған бастамаларының шеңберінде өткізіліп келеді. Тек 2023 жылы ғана бұл байқауға әлемнің 90 елінен 700 000-нан астам өтінім қабылданды.

Байқау мерзімдері

2024 жылдың 15 желтоқсаны мен 2025 жылдың 20 ақпаны

Суреттер жұмыстарға қойылатын барлық техникалық талаптардын сақтай отырып, ресми Toyota дилерлік орталығына жіберілуі керек. Өтініші жоқ жұмыстар сайысқа қатыстырылмайды.

Қажетті құжаттар

Қатысушының өтінімін толтырыңыз. Өтінімсіз жұмыстар қабылданбайды. Өтінімді төмендегі батырманы басу арқылы жүктей аласыз.

Мен, қатысушы, және мен/біз, ата-ана(лар) немесе қатысушының заңды қамқоршысы және/немесе заңды өкілі, toyotadreamcar.kz сайтында орналастырылған «Toyota Арман көлігі» 18-ші көркем байқауына қатысу ережелерімен және шарттарымен танысқанымызды растаймыз. Осы арқылы мен/біз жоғарыда аталған байқауға қатысушының сурет жұмыстарын тапсыруға байланысты барлық Ережелер мен шарттарды толықтай сақтауға міндеттенеміз.

Осы арқылы мен мыналарды растаймын:

– Анкетаны өзім қолмен және/немесе менің келісіміммен толтырдым;

– Байқау Ережелерін оқып, түсініп, келісемін;

– Байқауға қатысу үшін пайдаланылатын материалдарға қажетті барлық авторлық және басқа құқықтарға ие екенімді және бұл бойынша TMKZ мекенжайына ешқандай шағым түспейтінін;

– Анкетада көрсетілген барлық сұрақтарды оқып, түсінгенімді және Анкетада көрсетілген мәліметтердің толық, нақты және шындыққа сәйкес келетінін.

Осы арқылы мен «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС-не және үшінші тараптарға осы Анкетада көрсетілген, сондай-ақ «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС-не кез келген жолмен берілген жеке деректерімді, оның ішінде менің бейнелерімді, Ережеде көрсетілген мақсаттарда жинауға және өңдеуге келісімімді беремін. Келісім мерзімі – 10 жыл.

МАҢЫЗДЫ

‼ Өтінім толық толтырылғанына және қатысушының деректері (Т.А.Ә., туған күні, байланыс деректері) дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.

‼ Тек ата-анасы немесе заңды өкілі қол қойған өтінімдер ғана қабылданады.

Жұмыстар келесi жас санаттары бойынша қабылданады:

7 жас және одан кіші

1-санат

8 жастан 11 жасқа дейін

2-санат

12 жастан 15 жасқа дейін

3-санат

Суреттерге
қойылатын
талаптар

Суретке қойылатын талаптар

Келесі ережелерге сай келетін түпнұсқа шығармашылық жұмыстар (суреттер) қабылданады:

(1) Кенеп өлшемі: 400 мм x 550 мм (15.7-21.7 дюйм) немесе одан кішірек

* Ұсынылатын формат: A3

* Сондай-ақ А4 форматына да рұқсат

* Қағаз түсін, материалын және пішінін өз еркімен таңдауға болады

* Қалыңдығы 5 мм астам шығармашылық жұмыстар сайыстан шығарылады

(2) Сурет салуға арналған материалдар: кез-келген

* Сурет салу үшін кез-келген материалдарды қолдануға болады – түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, борлар, бояулар

* Компьютерде немесе соған ұқсас құрылғыда жасалған және ұсынылған форматтардың бірінде басып шығарылған «компьютерлік графика» техникасындағы жұмыстар қабылданады.

* Егер сурет салу нәтижесінде шыққан жұмыс жазық, жинақы күйде қалса және басқа шығармашылық жұмыстарды (суреттерді) зақымдамайтын немесе бүлдірмейтін болса, коллаж немесе аппликация жасауға рұқсат етіледі

Келесі жұмыстар қабылданбайды:

* Бірнеше қатысушы салған бірлескен шығармашылық жұмыстар

* Сайысқа қатысушыдан өзге адам салған шығармашылық жұмыс

 * Өтініш үлгісін толық толтырмаған немесе кейбір мәліметтерін көрсетпеген қатысушы

* Фотосуреттерге қарап салынған суреттер

* Атақты картиналарды немесе «Арман көлік Toyota» шығармашылық сайысының бұрынғы жұмыстарын қайталайтын суреттер

* Символдар, логотиптер және тауар белгілерімен қорғалатын нақты тауарлар көрсетілген суреттер

(3) Қатысу туралы өтініш үлгісі

Өтінеміз, toyotadreamcar.kz сайтынан қатысушыға арналған үлгіні жүктеп алып, толтырыңыз.

Өтінеміз, қатысушыға арналған үлгінің барлық қажетті тармақтарын толтырыңыз [әйтпесе жұмыс (сурет) қабылданбайды].

Толтырылған қатысушыға арналған үлгіні және суретті жақын жердегі ресми Toyota дилерлік орталығына жіберіңіз.

Түпнұсқа шығармашылық жұмыстар

Қатысу туралы өтініштегі барлық қажетті тармақтарды толтырып, оны шығармашылық жұмысыңыздың артқы жағына мықтап бекітіп, суретті жақын жердегі ресми Toyota дилерлік орталығына жіберіңіз.

Осы сайысқа қатысуға өтініш беру үшін ата-ананың/қамқоршының келісімі қажет.

Армандағы автокөлік-2024: Toyota Kazakhstan жыл сайынғы балалар суреті байқауының жеңімпаздарын анықтады

Toyota компаниясының «Армандағы автокөлік» сурет салу байқауы – бұл Toyota Dream Car Art Contest халықаралық өнер байқауының ұлттық кезеңі және ұлы жаңалықтардың көбіне кішкентай идеядан бастау алатынына қоғам назарын аударуға арналған ағартушылық іс-шара.

Бұл шығармашылық бастаманың ұйымдастырушылары сонау 2004 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпіріндегі жас таланттарға адамзат үшін ерекше және пайдалы функциялары бар автокөлік ойлап тауып, сурет салуды ұсынып келе жатқан – Toyota Motor Corporation. Осы кезден бастап байқау жыл сайын өткізіледі. Ал 2020 жылы бұл белсенді іс-шараға алғаш рет Toyota Kazakhstan компаниясы қосылды.

«Біздің мақсатымыз – бүлдіршіндер мен жасөспірімдерді автокөлік әлемімен таныстыру ғана емес, сонымен қатар жас суретшілердің, өнертапқыштар мен ойшылдардың шығармашылық қабілетін ашу, ең бастысы – оларды армандауға үйрету. Біздің командамыз аталмыш бастамалар арқылы осындай өмірлік ұстанымының құндылығы мен маңыздылығын өскелең ұрпаққа жеткізе алатынына сенеді. Біз бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің жылдан-жылға белсенді қатысып жүргенін, суреттердің Қазақстан мен Қырғызстанның әр түпкір-түпкірінен жіберіліп жатқанын жоғары бағалаймыз. Көптеген жұмыстар балалардың әлемдік автоиндустрияның болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Бұл бізді қуантады», – деді Toyota Kazakhstan өкілдері.

Биыл байқау 2024 жылғы желтоқсан айынан бастап 2025 жылғы ақпан айы аралығында өтті. Дәстүр бойынша байқауға қатысуға балалар мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер шақырылды.

Барлық ұйымдастырушылар әртүрлі техникамен орындалған 300-ден астам жұмыс алды. Құрамына суретшілер, педагогтер мен Қазақстанның көркемсурет шеберханаларының өкілдері – Аяулым Нұрбекова, Валерия Коржова, Александра Калачева кірген қазылар алқасы жұмыстарды бағалады.

«Біз көптеген шын мәніндегі көркем туындыларды көрдік. Біздің қатысушыларымыз жасына қарамастан, байқау тақырыбын қанық түстер, графикалық бейнелер, ерекше мағына және басқа да көркемдік әдістер арқылы жеткізуге тырысты. Сондай-ақ қатысушылардың деңгейінің жыл сайын өсіп келе жатқанын атап өткен жөн. Сапалы, эмоциялық туындылардың саны өте көп. Бізге жеңімпаздарды таңдау қиынға соқты, өйткені биыл қарауға келіп түскен әрбір жұмыс – өзінше бірегей туынды», – деп өз әсерлерімен қазылар алқасының мүшелері бөлісті.

Балалардың суреттері келесі критерийлер бойынша бағаланды: байқаудың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі, көркемдік шеберлігі, идеяның өзіндік ерекшелігі, байқау жұмыстарын ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігі.

Дауыс беру нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді.

7 жасқа дейінгі санат

Бұл жерде бірінші орынды Астанадан келген, 7 жастағы жас суретші Жаннұр Есенбай иеленді. Өзінің ерекше және жарқын жұмысын Жаннұр «Хамелеон автокөлік» деп атады: «Менің автокөлігім өзінің қай жерде тұрғанына байланысты өз түсін өзгерте алады. Ол ауа райына, температураға және сыртқы жарыққа бейімделе алады».

Байқаудың ең жас қатысушылары арасында екінші орынды Тараз қаласының өкілі 6 жасар София Красикова жеңіп алды. Оның суреті «Болашаққа Toyota-мен саяхат» деп аталады. София өзінің ерекше жұмысы туралы былай деді: «Менің Toyota автокөлігім барлық балалардың ғарышқа саяхаттау туралы арманын орындайды».

Қазылар алқасы үшінші орынды «Flying Toyota» деген жұмысын ұсынған Мейірім Ғалымжанға берді. Мейірім небәрі үш жаста! Жаннұр сияқты ол да Астана қаласында тұрады және София сияқты ол да Toyota қанатының астында ұшуды қиялдайды: «Мен Toyota автокөліктері ұша алса және әлемге бейбітшілік әкелсе деп армандаймын».

8-11 жастағы санат

Бұл жас санатында Алматы қаласынан Нұрай Ескермес жеңімпаз атанды. 11 жасар Нұрай өз жұмысын «Экотрансформер» деп атады: «Бұл арман-көлік қаланы тазарту және табиғатты қорғау мақсатында жасалған. Ол қоқысты жинап, іріктейді және қайта өңдейді. Сондай-ақ күннің қуатымен жұмыс істейді».

Қазылар алқасы «Күміс» жүлдені «Happycar» атты суретке берді. Бұл суретті байқауға Леңгір қаласының тұрғыны, 10 жасар Анастасия Зеленцова жіберген болатын. Настя тек жақсы сурет салып қана қоймайды, сонымен қатар бұл байқаудың жанкүйері: ол байқауға бірнеше рет қатысып, жүлдегер атанған болатын. Биылғы жұмысы туралы Настя: «Бұл машина – балабақша. Әр баланың қуана баратын орны және аналарға үлкен көмек», – дейді.

Үшінші орынды Астанадан келген жас суретші 9 жасар Айсана Мұхтарова «Өткеннен болашаққа армандағы автокөлікпен» атты өзіндік суретімен жеңіп алды: «Менің көлігім тек кеңістікте ғана емес, уақыт бойынша да қозғала алады, өткен өмір мен болашақ өмір арасындағы көпір болып табылады және тарихты түсінуге көмектеседі».

12-15 жастағы санат

Виктория Рябичева, 15 жас, Өскемен қаласы – дәл өзі біздің байқауымыздағы ең «ересек» санаттың жеңімпазы болды. Өз жұмысын ол «Miku’s Musical Dream» деп атады: «Жапондық виртуалды әнші Мику Хацунэ мен оның достары үшін қаланың дыбыстары мен жарығын музыкаға айналдыратын болашақ машинасы».

Қазылар алқасы екінші орынды Қаскелең қаласынан қатысқан 13 жасар Дарья Ерёменкоға «Барлығы біздің қолымызда» атты жұмысы үшін берді. Жас суретші болашақ

автокөлігі туралы өзінің тұжырымдамасын былай сипаттады: «Экофрендли, үйлесімді, жылдам, қолайлы. Ұшу үшін Жер шарының магнит өрісін пайдаланады».

Ақтөбеден қатысқан 14 жасар Тоғжан Шамбет жасөспірімдер санатындағы үш жүлдегер тізімін «Жылдамдық гибриді» жұмысымен аяқтайды: «Қолданыстағы автокөлік модельдерінің ішінде мен дизайны қайталанбас автокөлік жасағым келді».

Toyota компаниясының «Армандағы автокөлік» атты 18-ші балалар суреті байқауының жеңімпаздары естелік медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Барлық үш санаттағы жүлдегерлердің суреттері байқаудың әлемдік кезеңіне Жапонияға жіберіледі, оның нәтижелері 2025 жылдың жаз-күз айларында белгілі болады.

Марапаттау мәліметтерін нақтылау үшін конкурстың ұлттық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері madina.sharipova@toyota-motor.kz. поштасына жаза алады.

Келесі жылғы өңірлік шығармашылық сайысқа дәстүрлі түрде Қазақстан мен Қырғызстанның қиялдауды, шығармашылықты жақсы көретін, сондай-ақ Toyota компаниясының құндылықтарымен бөлісетін ұл-қыздары қатыса алады. Ұйымдастырушылар тобы сіздің жарқын суреттеріңіз бен қайталанбас идеяларыңызды күтеді. Батыл идеяларыңызды әлеммен бөлісуден тартынбаңыз!

Қазақстандық Амир Мұхтар Жапонияда өткен «Toyota Армандағы көлік» халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді.

Оның жұмысы әлемнің түкпір-түкпірінен келген 782 852 суреттің ішінен жеңіске жетті.

«Toyota Армандағы көлік» балалар суреті байқауын өткізу бастамасын 2004 жылы штаб-пәтері Жапонияда орналасқан Toyota корпорациясы көтерді. 2020 жылы Toyota Kazakhstan осы шараға алғаш рет қосылып, Қазақстан мен Қырғызстан балалары арасында республикалық байқау өткізе бастады. Амир Мұхтар байқаудың бүкіл 20 жылдық тарихында «Toyota арман көлік» әлемдік кезеңінде Қазақстаннан шыққан алғашқы жеңімпаз атанды.

2024 жылы Қырғызстандық Алиса Чухлебова Жапонияда өткен «Армандағы көлік Toyota» халықаралық көркем байқауында «Үздік финалист» номинациясында жеңіске жетті. Оның жұмысы әлемнің түкпір-түкпірінен жіберілген 700 000-нан астам сурет арасынан ерекшеленді.

Алиса Чухлебова – Орталық Азиядан «Армандағы көлік Toyota» байқауының ғаламдық кезеңінде жеңіске жеткен Қазақстаннан шыққан 20 жылдық байқау тарихындағы екінші қатысушы.

Төрешілік

СУРЕТ КОНЦЕПЦИЯСЫ

33.4%

Жұмыс тақырыбына сәйкес келе ме? Сурет арқылы тақырыбы нақты жеткізілді ме?

 

СУРЕТ ЕРЕКШЕЛІГІ

33.4%

Суретте бейнеленген армандаған көлігі баланың ерекше қиялының жемісі ме?

 

СУРЕТ САПАСЫ

33.4%

Сурет толықтырылған ба? Түстер теңдестірілген бе? Сурет салуға арналған материалдармен жұмыс жасай білу шеберлігі